Accessibility links

"Парамен ұсталған" 16 кеденшінің қамау мерзімі ұзартылды


Шымкенттегі әл Фараби аудандық соты. Шымкент.
Шымкенттегі әл Фараби аудандық соты. Шымкент.

Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық соты парамен ұсталған 16 кеденшінің қамау мерзімін үш айға ұзартты. Бұл туралы Азаттыққа аудандық соттың судьясы Сәбит Төреханов хабарлады.

Сәбит Төрехановтың айтуынша, бұдан бұрын бас прокуратураның Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облысы мен Алматы қаласында жүргізген арнайы операциясы кезінде парамен ұсталған 33 адамның 16-сының ісі аудандық сотта қаралған. Ұлттық бюроның Оңтүстік Қазақстан облысындағы департаменті соттан 16 адамды қамауға алу мерзімін тағы үш айға ұзартуды сұранған. Судьяның сөзінше, соттың шешімімен күдікке ілінген адамдардың қамауға алу мерзімі тағы үш айға ұзартылды. Тағы екі адамға іздеу жарияланды.

19 ақпанда Бас прокуратура арнайы операция кезінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Алматы және Жамбыл облысы мен Алматы қаласында 33 адам күдікті ретінде ұсталған. Олардың ішінде үшеуі Қызғызстан азаматы екенін хабарлаған.

Оңтүстік қазақстандық 16 кеденші үстінен Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігімен ("Пара алу") іс қозғалған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG