Accessibility links

ОҚО-да тағы бір жасөспірім "өзіне қол салды"


Оңтүстік Қазақстан облысының картадағы орны
Оңтүстік Қазақстан облысының картадағы орны

Шымкентте 15 жастағы жасөспірім "өзіне қол салып", қайтыс болды деп хабарлады Азаттық тілшісі.

Шымкенттегі Самал-3 ықшам ауданында тұратын №87 мектептің 9-сынып оқушысы өз үйінің ауласындағы құрылысы бітпеген үйдің ішінде "асылып" қайтыс болды. Бұл туралы 16 сәуір күні Абай аудандық ішкі істер бөліміне марқұмның анасы хабарлаған. Бұл ақпаратты Азаттыққа облыстық ішкі істер департаменті растады.


Өткен жексенбі күні Оңтүстік Қазақстан облысында "өзіне қол салған" тағы екі жасөспірім ауруханаға жеткізілген, қазір емделіп жатыр.

Департаменттің мәліметінше, 15 сәуір және 16 сәуір күні "өзіне қол салған" үш жасөспірімнің ісі бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабымен ("Өзін-өзі өлтіруге итермелеу") қылмыстық іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG