Accessibility links

Балмұздақтан уланғандардың диагнозы анықтала бастады


Көрнекі сурет.

Шымкентте "Южный" кафесінің жанында орналасқан дүңгіршектен балмұздақ сатып алып уланған 188 адамның 44-і сальмонеллёз және стафилококк ауруын жұқтырған. Бұл туралы Азаттыққа Оңтүстік Қазақстан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, уланған науқастардың 31-і сальмонеллёз, 13-і стафилококк ауруын жұқтырған. Дүңгіршектен сынама ретінде алынған 34 азық-түліктің 24-інде, кәсіпкердің үйінен алынған 50 сынаманың 11-інен сальмонеллёз және стафилококк ауруының таяқшалары табылды. Балмұздақ дайындаған 12 қызметкердің бесеуінен сальмонеллёз және стафилококк ауруы анықталды.

29 наурыз күні Шымкентте ондаған тұрғын балмұздақтан уланып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына түсе бастаған. 3 сәуір күні олардың саны 188-ге жеткен.

Жаппай улану дерегі бойынша облыстық ішкі істер департаментіне жүзден аса адам арызданған.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG