Accessibility links

Дуров: Ресейде Telegram қолданушылар саны азайған жоқ


Павел Дуров.

Роскомнадзордың әрекетіне қарамастан, бұғаттаудың бірінші күні Ресейдегі Telegram қолданушыларының саны азайған жоқ. Бұл туралы мессенджердің иесі Павел Дуров айтты. Оның сөзінше, ресейліктер бұғаттауды айналып өту үшін VPN мен прокси-сервер қолданып жатыр.

Дуров ресейліктерді Telegram-ға деген адалдық үшін алғыс айтты. Ол "саяси цензураға араласпағаны үшін" америкалық Apple, Google, Amazon компанияларына алғысын айтты.

Павел Дуров "цифрлы бостандық пен прогресті қолдау үшін" бір жыл ішінде өз қалтасынан VPN және прокси-сервис әкімшілік қызметкерлері үшін миллиондаған қаражат бөлуге уәде берді.

17 сәуірде Роскомнадзор Ресейде тыйым салынған Telegram мессенджерін App Store мен Google Play интернет дүкендерінен өшіруді де талап етті. Бұл туралы Роскомнадзордың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған "Интерфакс" агенттігі хабарлады.

16 сәуірде Ресейде сот шешімімен Telegram мессенджері бұғаттала бастаған. Роскомнадзор сонымен бірге тыйым салынған сайттарға кіру құралдарын да бұғаттайтынын мәлімдеді. Роскомнадзор Telegram Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметіне ақпаратты шифрлау кілтін бермейінше бұғаттан шығарылмайтынын айтады.

Бұған дейін Павел Дуров "ресейліктердің құпия хат алмасу құқығын қайтаруға күресетінін" мәлімдеді. Оның айтуынша, Telegram-ға тыйым салынса, Ресейде ұлттық қауіпсіздік деңгейі төмендеп кетеді.

Ресей бойынша Telegram қолданушыларының саны - 15 миллион. Бұл әлемдегі месенджерге тіркелгендердің 7 пайызын құрайды.

  • 16x9 Image

    Өркен ЖОЯМЕРГЕН

    Өркен Жоямерген 2006 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің бакалаврын, 2008 жылы магистратурасын тәмамдаған. Қызмет жолын "Алматы Ақшамы" газетінен бастаған. Алматы және Астана қалаларындағы бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеген. Қазір Азаттық Радиосы Астана бюросының жетекшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG