Accessibility links

Қырғызстан оппозициясы үкімет есебін қабылдамады


Сапар Исаков, Қырғызстан премьер-министрі.

Қырғызстан парламентіндегі оппозициялық үш фракция - "Республика – Ата Журт", "Ата Мекен" және "Онугуу-Прогресс" үкіметтің 2017 жылды қорытындылаған есебін тыңдады. 17 сәуірдегі талқылау 10 сағаттан астам уақытқа созылды.

Талқылау соңында оппозициялық фракциялар депутаттары үкімет есебіне "қанағаттанбадық" деп дауыс берді.

Депутаттардың негізінен 2017 жылғы бюджеттің 3 миллиард сомнан астам қаржысы игерілмей қалғанына, жылу электр станкциясының қысқа нашар дайындалғанына, Тогуз-Тороуз ауданындағы алтын кен орнында жаппай тәртіпсіздікке жол берілгеніне көңілдері толмады.

Өткен аптада парламенттегі көпшілік орынға ие Қырғызстанның іс басындағы Социал демократиялық партиясы мен "Қырғызстан" фракциясы үкімет есебін тыңдап, "қанағаттанарлық" деп баға берген. 18 сәуірде премьер-министр Сапар Исаков бастаған үкімет мүшелері Жогорку Кенештің жалпы отырысында есеп береді.

AzattyqTV

Көшпенділер ойынына асық шабандоз қыз
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:51 0:00
XS
SM
MD
LG