Accessibility links

АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы Барбара Буш қайтыс болды


Барбара Буш, АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы.

АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы Барбара Буш 92 жасында қайтыс болды. АҚШ-тың 41 президенті үлкен Джордж Буштың зайыбы әрі 43-президенті кіші Джордж Буштың шешесі Барбара Буш 17 сәуір күні кешке көз жұмды. Бұл туралы үлкен Джордж Буштың кеңсесі хабарлады.

Үлкен Джордж Бушпен 73 жыл некеде тұрған Барбара Буш президентке адал жар әрі отбасына қамқор ана ретінде танылды. Ол екеуі АҚШ президенттері арасында ең ұзақ некеде тұрған ерлі-зайыпты саналады. Барбара Буш 1989-1993 жылдары АҚШ-тың бірінші ханымы атанып, кейін ұлдары кіші Джордж Буш 2001-2009 жылдары екі мәрте АҚШ президенті болғанда президенттің анасы ретінде де танымал болған.

Олардың тағы бір ұлы Джеб Буш Флорида штатының губернаторы болды және бір кездері Республикашыл партия атынан президенттікке кандидат атанды.

Қоғамдық сауалнамаға қарағанда, оның танымалдығы кейде күйеуінікінен асып түсетін.

"Мен Америкада ең жақсы жұмысқа ие болдым. Әр күн қызықты әрі пайдалы болды" деп жазды Барбара Буш 1994 жылы Ақ үйдегі қызметі туралы мемуарында.

AzattyqTV

78 жастағы атлет
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:33 0:00
Аққоян Ырсалиев

78 жастағы атлет

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG