Accessibility links

Башқұртстанда жасөспірім мектепке шабуылдап, 4 адам жараланды


Башқұртстандағы мектеп (Көрнекі сурет).
Башқұртстандағы мектеп (Көрнекі сурет).

Башқұртстанның Стерлитамак қаласында мектепте жасалған шабуылдан соң төрт адам, оның ішінде үш оқушы ауруханаға жеткізілді деп хабарлады республика денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған ТАСС агенттігі. Министрлік баспасөз хатшысы Светлана Кускарбекованың айтуныша, зардап шеккендердің жағдайы орташа ауыр, қазір қандай жарақат алғаны анықталып жатыр.

18 сәуірде Telegram--дағы Mash каналаында Стерлитамактағы №1 мектепте оқушының информатика кабинетінде шабуылдағаны хабарланған. РИА "Новости" оқушының информатика кабинетін өртемек болғанын хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша, шабуылды тоғызыншы сынып оқушысы жасаған. Шабуылдан соң ол өзіне қол жұмсамақ болған.

Оқиға орнында өрт сөндірушілер, полиция мен тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралып жатыр.


2018 жылы қаңтарда Ресейде екі мектепке шабуыл жасалған. Пермьде жасөспірімдер бастауыш сынып оқушыларына пышақпен шабуылдап, 15 адам жараланған. Ал УланУдэ қаласында тоғызыншы сынып оқушысы кабинетті жанғыш сұйықтығы бар шөлмекпен өртеп, балтамен жеті адамды жараланған.

21 наурызда Қорған облысының Шадриск қаласында 13 жастағы оқушы пневматикалық тапаншадан оқ атып, жеті адам жараланған.

XS
SM
MD
LG