Accessibility links

Өзбекстанда имамдар мемлекеттен тегін баспана алмақ


Өзбекстандық имамдар.

Өзбекстан Мұсылмандар діни басқармасының баспанаға зәру имамдары мен қызметкерлеріне жаңа үлгімен салынған үйлер тегін беріледі.

Президент Шавкат Мирзияев қол қойған "Діни-ағарту қызметін түбегейлі жетілдіру жөніндегі шаралар" туралы қаулысына сай, Мұсылмандар діни басқармасында "Вакф" қайырымдылық қоғамдық қор құрылады. Соның есебінен басқарма қызметкерлері мен имамдарға айлық төленеді.

Бұған қоса, жұмысын жақсы атқарған және баспанаға зәру имамдар мемлекеттен жаңа үлгімен салынған үйлерді тегін алады.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG