Accessibility links

Мәжіліс 2018-2020 жылдың бюджетіне түзетулерді мақұлдады


Парламент мәжілісінің отырысы (Көрнекі сурет).

Парламент мәжілісінің депутаттары 18 сәуір күні пленарлық отырысында 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетке енгізілетін түзетулерді мақұлдады.

Мәжілістің қаржы және бюджет комитетінің қорытындысында заң жобасы республикалық бюджетке "2018-2020 жылдардың макроэкономикалық көрсеткіштеріне жасалған болжамды нақтылауға байланысты" түзету енгізетіні айтылады.

Комитет тұжырымы бойынша, "экономикалық белсенділіктің жақсаруына" байланысты жыл басынан бері жалпы ішкі өнімнің (ЖІМ) нақты өсімі 3,8 пайызды құрап, бұған дейін белгіленген көрсеткіштен 0,7 пайызға артқан.


"Негізгі сценарийде мұнай баррелінің бағасы 45 доллардан 2018 жылы 55 долларға дейін көтерілді. Мұнай өндіру бойынша жасалған болжам екі миллион тоннаға артып, 87 миллион тоннаны құрайды" делінген комитет тұжырымында.

2018 жылы республикалық бюджетке түсетін кіріс болжамы (трансфертті есептемегенде) 189 миллиард теңгеге артып, 5 триллион 718 миллиард теңге деп нақтыланды. Республикалық бюджеттің шығындары 9 триллион 643 миллиард теңге деп есептелді. 2018 жылы Ұлттық қорға екі триллион теңге түседі деп болжанып отыр.

AzattyqTV

AzatNews 14.12.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:50 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG