Accessibility links

Түркіменстанда екі ауыл сүріледі


Ашхабадтағы үйлердің бірін сүріп жатқан сәт. Көрнекі сурет.
Ашхабадтағы үйлердің бірін сүріп жатқан сәт. Көрнекі сурет.

Түркіменстанның Ахал облысына қарасты Багабад қыстағы мен Маныш ауылы сүрілмек. Бұл туралы Азаттықтың Түркімен қызметі хабарлады.

Маныш тұрғындарының айтуынша, бұл ауылда әскери шекара бөлімі, мектеп пен медпунктен бөлек, 80-нен астам тұрғын үй бар. Билік тұрғындарға үйлердің сүрілетіні туралы ескерту қағаздарын таратқан. Бірақ оларға жаңа баспана немесе өтемақы берілетіні туралы ештеңе айтылмаған.

Азаттықтың Түркімен қызметімен тілдескен ауыл тұрғыны мұнда жарты ғасырдан астам уақыт тұратынын, мал және егін шаруашылығымен шұғылданатынын айтқан. Жергіліктің тұрғынның сөзінше, баспаналар кезінде колхоз әкімшілігінің рұқсатымен салынғанына қарамастан, қазіргі билік заңсыз құрылысқа жатқызған.

Азаттықтың Түркімен қызметінің хабарлауынша, шамамен 160 адам тұратын Багабат қыстағының тұрғындары да ескерту қағаз алған. Жергілікті билік Багабад және Маныш елді мекендеріндегі орта мектептер мұғалімдеріне екі айдың жалақысы төленетінін, әрі қарай өз беттерімен жұмыс табу керектігін ескерткен.

XS
SM
MD
LG