Accessibility links

OPCW: Скрипальдер уланған жерде BZ затының белгісі табылмады


АХмет Узюмджю, OPCW басшысы.
АХмет Узюмджю, OPCW басшысы.

Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі халықаралық ұйым (OPCW) сарапшыларының Сергей Скрипаль мен қызы Юлия уланған жерден алған сынамаларында Батыс елдерінің арсеналындағы химиялық BZ затының бөлшегі табылмады. Бұл жайында OPCW басшысы Ахмет Узюмджюдің мәлімдемесінде айтылады.

Ресей сыртқы істер министрі 14 сәуір күні Сергей және Юлия Скрипальдердің "АҚШ пен Ұлыбританияда жасалған BZ затымен уланғанын" мәлімдеген еді. Ол Швейцарияның Шпиц қаласындағы химиялық зертхана жасаған тұжырымға сүйенген. Зертхана өкілдері Лавровтың мәлімдемесін терістеп, британдық сарапшылардың қорытындысына күмәнданбайтынын мәлімдеген.

Биыл 4 наурызда Солсбери қаласының орталығында улы заттан қатты зардап шегіп, ес-түссіз халде табылған әкелі-балалы Скрипальдар кейін ауруханада өз-өзіне келген.

Британ үкіметі Ресей барлау қызметінің бұрынғы офицері Сергей Скрипаль мен қызы Юлияны улауға Мәскеу жауапты деп санайды. Британдық сарапшылар Скрипальдер Ресейде жасалған "Новичок" деп аталатын жүйке жүйесін жансыздандыратын химиялық заттан уланған деген қорытынды жасаған. Кейін OPCW арнайы есебін жариялап, британ сарапшыларының тұжырымымен келісетінін мәлімдеген. Ұйым есебінің жабық бөлімінде қастандық жасауда қолданылған заттың формуласы келтірілген. Ресей өзіне тағылған айыпты жоққа шығарады.

Лондон "Скрипаль ісін" тергеу аясында ресейлік 23 дипломатты елден шығарған. 20 шақты мемлекет Ұлыбританияға қолдау көрсетіп, жиыны 100-ден астам ресейлік дипломатты еліне қайтарған.

XS
SM
MD
LG