Accessibility links

Ақтөбелік оқушының "жүрегі тоқтап қалған"


Ақтөбе қалалық медициналық жедел жәрдем ауруханасы (Көрнекі сурет).
Ақтөбе қалалық медициналық жедел жәрдем ауруханасы (Көрнекі сурет).

19 сәуір күні Ақтөбе облысының әкімдігінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы Ақтөбедегі №38 мектепте сабақ үстінде жүрегі тоқтап қалған оқушыға қатысты сот-медицина сараптамасының алдын-ала қортындысын жариялады.

- 2007 жылы туған оқушы қыздың жүрегі кенеттен тоқтап қалған. Бала есінен танып қалған бойда мектеп медбикесі оған кардиореанимациялық көмек көрсеткен. Жедел жәрдем шақырған. Жедел жәрдем бригадасы мектепке 14 минут аралығында жетті. Бұл кезде балада тіршілік нышаны болмаған, - дейді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Есенаманова.

№38 мектеп директоры Назгүл Қасеннің сөзіне қарағанда, бұл оқиға 10 сәуір күні болған. Екінші ауысымдағы алтыншы сабақ кезінде 5-сынып оқушысы Ділназ есінен танып қалады.

- Осы оқиғадан біраз бұрын оқушы жүрек тұсын ұстап, мұғаліміне ауырып тұрғанын айтқан екен. Мектеп медбикесі баланың қан қысымы төмендеп кеткенін анықтап, ата-анасына оны дәрігерлік тексеруден өткізу керегін ескерткен, - дейді Назгүл Қасен.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқушы өліміне қатысты сот-медицина сараптамасының ақырғы қортындысы 27 сәуір күні белгілі болуы керек.

XS
SM
MD
LG