Accessibility links

Варшавада еврей геттосындағы көтерілісті еске алып жатыр


Варшавадағы еврей геттосындағы көтерілістің 75 жылдығын еске алу шарасы. Польша, 19 сәуір 2018 жыл.

Польшада 19 сәуірде Варшава геттосындағы көтеріліске 75 жыл толғанына байланысты еске алу акциялары өтіп жатыр. 1943 жылы 19 сәуірде мыңдаған еврей жасақтары Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі фашистік неміс әскерінің басқыншылығына қолына қару алып қарсы шыққан.

1943 жылы 19 сәуірде 750-ге тарта еврей жасағы тапанша және басқа да жеңіл қарулармен қаруланып, саны жағынан өздерінен үш есе басым неміс әскеріне шабуылдаған. Көтеріліске шыққандардың көбі ұрыста аман қалатынынан үміті жоғын айтып, өсиет қалдырған. Бірақ олар сол кезге дейін 300 мың варшавалық еврей қырылған Треблинканың өлім лагерлеріндегі газ камераларында емес, өз ажалымен өлуді қалаған.

Неміс әскері көтерілісті басып-жаншып, одан бірнеше ондаған адам ғана тірі қалған. Олардың көбі содан бері қайтыс болған немесе еске алу шарасына қатыса алатындай халде емес. Польша президенті Анджей Дуда таңертең алдымен еврей зиратына барып, одан соң гетто қаһармандарына орнатылған ескерткіштегі ресми шараға қатысты.

Еске алу Польша мен Израиль арасы Холокост туралы жаңа заңға байланысты шиеленіс күшейіп тұрған шақта өтіп жатыр. Заң Польшада өткен айда күшіне еніп, оны Израиль мен АҚШ-тағы еврей ұйымдары сынаған. Заңда нацистік Германияның қылмысын Польша мемлекетіне жабатын мәлімдемелер жасағандарға айыппұл салу немесе түрме жазасын кесу қарастырылған. Польша үкіметінің өкілдері заң мемлекетті "нацистік Германияның қылмысына қатысы бар деген жалған айыптардан қорғайтынын" айтады.

1939 жылы Польшаны нацистік Германия басып алып, СССР-мен бөліп алған соң ол мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатқан. Ал 1941 жылы Германия СССР-ге шабуылдаған соң Польша 1945 жылға дейін неміс оккупациясында болған. Әрқилы есеп бойынша, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде концлагерлерде Польшаның алты миллионға тарта адамы қырылған, оның жартысына жуығы еврейлер болған.

AzattyqTV

AzatNews 14.12.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:50 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG