Accessibility links

"Мирзияевті өлтірмек болған" жігіттің әкесі ұлын ақтауды сұрайды


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтың 2017 жылы 5 қыркүйекте Бішкекке барған сәті.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтың 2017 жылы 5 қыркүйекте Бішкекке барған сәті.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтың Қырғызстанға сапары кезінде оған қастандық жасамақ болды деген айыппен 15 жылға сотталған Дастанбек Сарымсаковтың әкесі 18 сәуірде Ош қаласында баспасөз мәслихатын өткізді. Хурсандбек Сарымсаков ұлын кінәсіз деп санайтынын айтып, оны түрмеден босатуды өтінді.

"Мирзияев Қырғызстанға 5 қыркүйекте келді. Ал менің ұлымды 2 қыркүйекте ұстап әкетті. Оны "елшілікті, шіркеуді жарып, өзбек президентіне қастандық жасамақ болды" деп айыптады. Менің ұлым жалғыз өзі осының бәрін ұйымдастырмақ болыпты-мыс. Егер осылай болса, оның сыбайластары болуы керек ғой. Құқық қорғау органдарынан бұл жазаның ақиқатын ашуды талап етемін. Осы күнге дейін бірде-бір дәлел жоқ" деді Хурсандбек Сарымсаков.

30 жастағы Ош облысы Гайрат ауылының тұрғыны Дастанбек Сарымсаков былтыр 2 қыркүйекте ұсталған. Құқық қорғау органдары оның көлігінен бір қап жарылқыш зат табылғанын мәлімдеген.

Бірақ сотталушының әкесі үйінде ешқандай жарылқыш зат болмағанын айтады. "Ұлымды тек азаптау арқылы мойындатты" дейді Хурсандбек Сарымсаков.

17 сәуірде Ош облыстық соты Бекзат Осмонкулов Хурсандбек Сарымсаковтың барлық шағымын жоққа шығарды. Оның айтуынша, Дастанбек Сарымсаковты ешкім азаптамаған.

"Сот барысында ол Сириядағы содырлармен байланыста болғанын мойындады. Мұнан бөлек ол әлеуметтік желі арқылы бір адаммен байланысқанын. Ол Ош және Бішкек қалаларында жарылыс жасауға шақырғанын мойындады" дейді Бекзат Осмонкулов.

XS
SM
MD
LG