Accessibility links

​Мигель Диас-Канель - Кубаның жаңа президенті


Кубаның бұрынғы президенті Фидель Кастро мен Мигел Диас-Канель.
Кубаның бұрынғы президенті Фидель Кастро мен Мигел Диас-Канель.

19 сәуірде Куба парламенті мемлекет басшысы ретінде бұрынғы вице-президент Мигель Диас-Канель сайланғанын хабарлады. Ол президенттікке жалғыз кандидат болған.

86 жастағы Рауль Кастро биліктен кеткенімен ол 2021 жылға дейін Куба компартиясының бас хатшысы болып қала береді. Куба бойынша сарапшы, профессор Уильям Леограндтың айтуынша, елдің саяси-экономикалық және қоғамдық мәселелеріне қатысты шешімді коммунистік партия қабылдайды. Ал заң бойынша президент партия тапсырмасын орындауға міндетті.

11,5 миллион кубалық президентті сайламайды. Президентті Куба парламентінің 605 депутаты тағайындайды.

Куба 1991 жылы Совет одағынан келетін көмек тоқтаған соң экономикалық дағдарысқа ұшырады. Сарапшылар ел бұл дағдарыстан әлі шықпағанын айтады.

Фидель Кастро әулеті Кубаны 1959 жылдан бері басқарып келген. Вашингтондағы Латын Америкасы бойынша ғылыми қордың мамандары Кастроның биліктен кетуі АҚШ пен диалог орнатуға септігін тигізуі мүмкін екенін айтады.

XS
SM
MD
LG