Accessibility links

Өзбекстан азаматы Стокгольмде теракт жасағанын жартылай мойындады


Рахмат Акилов, Швеция астанасы Стокгольмде теракт жасады деген күдікті Өзбекстан азаматы.
Рахмат Акилов, Швеция астанасы Стокгольмде теракт жасады деген күдікті Өзбекстан азаматы.

Стокгольм орталығында теракт жасады деген күдікті Өзбекстан азаматы Рахмат Акилов сот отырысы кезінде өзіне тағылған айыпты жартылай мойындады.

Швеция радиосының хабарлауынша, Стокгольм соты 2017 жылдың 7 сәуірінде теракт болған кезде сол жерде болған куәгерлерді тыңдаған. "Акилов 149 талап қоюшының 130-ының шағымын мойындады. Айыпталушы сонымен бірге жарылыс кезінде бес адамды өлтіргенін де мойнына алды" деп хабарлайды Швеция радиосы.

Осының алдында Рахмат Акилов Швеция астанасындағы терактіні "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымы лидерлерінің бірінің талабы бойынша жасағанын мәлімдеген.

Рахмат Акилов ісіне қатысты 13 ақпанда басталған сот отырысы 9 мамырда аяқталады. Ал сот үкімі маусым айының екінші жартысында шығады.


40 жастағы Рахмат Акилов былтыр 7 сәуірде бөтен кісінің жүк көлігін айдап әкетіп, Стокгольмнің орталығында топ кісіні соғып өтіп, одан сауда үйіне соғылып өртенген. Шабуылдан төрт адам қаза тауып, 15 адам жараланған.

Акиловтың адвокаты Йохан Эриксон ол теракт жасау арқылы Швеция үкіметін "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымына қарсы халықаралық коалициядан шығаруды көздегенін айтқан.

XS
SM
MD
LG