Accessibility links

Жазушы Сапабек Әсіп қайтыс болды


Жазушы Сапабек Әсіп.

Жазушы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Сапабек Әсіп 92 жасында қайтыс болды. Жазушының ұлы, журналист Марат Әсіпов әкесінің бүгін таңертең Алматыда үйінде қайтыс болғанын хабарлады.

Сапабек Әсіп 2000 жылдары Жазушылар одағының жанына құрылған "Жер және қазақ тағдыры” қоғамдық комиссиясының төрағасы болған. Жазушы "Жер кодексіне" өзгертулер енгізу керек деп, жерге қатысты мемлекеттің саясатына наразылық ретінде кезінде өзіне тапсырылған үкімет наградаларының бірі – "Құрмет" орденінен бас тартқан.

Оқи отырыңыз: Сапабек Әсіп: Қазақ жерінің мәселесі биліктің де, оппозицияның да жұмыс тәртібіне енбеген

Сапабек Әсіп бірнеше кітаптың, оның ішінде "Қазақ қасіреті" (1994), "Қатерлі дерт, қалжыраған халық" (1998), "Танталовы муки степи" (2001) кітабының авторы. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері, үкімет наградаларымен марапатталған.

Марқұм 22 сәуір күні жерленбек, қоштасу сол күні Жазушылар одағы үйінде өтеді.

AzattyqTV

Жаңаөзеннің жазылмаған жарасы
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:41 0:00
Қайрат Досмағамбетов

Жаңаөзеннің жазылмаған жарасы

XS
SM
MD
LG