Accessibility links

НАТО мен Ресей әскерилері Сириядағы жағдайды талқылады


Кертис Скапарротти, НАТО біріккен күштерінің бас қолбасшысы
Кертис Скапарротти, НАТО біріккен күштерінің бас қолбасшысы

Ресейдің жоғары шенді әскери өкілі мен НАТО командирі Әзербайжан астанасы Бакуде кездесіп, Еуропадағы әскери іс-қимылды талқылады және Сириядағы дағдарысқа қатысты пікір алмасты.

Ресей Қорғаныс министрлігі мен НАТО-ның хабарлауынша, Ресей бас штабының бастығы Валерий Герасимов НАТО біріккен күштерінің бас қолбасшысы Кертис Скапарроттидің кездесуі 19 сәуір күні болды. Екі тарап арасындағы жоғары деңгейлі кездесу 2013 жылдан юері бірінші рет болып отыр.

Ресей мен НАТО-ның қарым-қатынасы 2014 жылы Ресей Украинадан Қырым түбегін аннексиялап, Донбастағы қақтығысқа киліккен соң қатты нашарлап кеткен.

Мәскеудің бұл әрекетінен соң НАТО Польша мен Балтық бойы елдеріне төрт батальонын орналастырған, ал АҚШ Литваға әскери жаттығуға қатысу үшін Patriot зымыраннан қорғаныс кешендерін жіберген.

НАТО-ның хабарлауынша, Бакудегі кездесуде "әскери позиция және оқу-жаттығулармен байланысты мәселелер және соғысқа ұрындыратын әрекеттерден сақтану жолдары талқыланған".

"Генерал Скапарротти мен генерал Герасимов келешекте әскери байланыс орнатуда әскери арналарды қолдануға келісті" делінген нАТО хабарламасында.

Ресей Қорғаныс министрлігі екі генералдың "өзара сенімді нығайтатын және төтенше оқиғаның алдын алатын шараларды талқылағанын" хабарлады.

Министрлік Герасимовтің сонымен қатар Әзербайжан президенті Илхам Әлиевпен де кездескенін айтады.

XS
SM
MD
LG