Accessibility links

Тәжікстан Өзбекстанмен шекара келісімін мақұлдады


Тәжікстан мен Өзбекстан арасындағы шекара бекеті (Көрнекі сурет)
Тәжікстан мен Өзбекстан арасындағы шекара бекеті (Көрнекі сурет)

Тәжікстан парламентінің төменгі палатасы Тәжікстан мен Өзбекстан шекарасындағы жекелеген учаскелерді нақтылауға қатысты келісімді бекітті. Бұл келісімге Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтың Душанбеге сапары кезінде қол қойылған.

Келісім екі ел арасындағы даулы болып келген 192 шақырым учаскені демаркациялау процесін аяқтайды.

Қазір тәжік-өзбек шекарасында шешімі табылмаған тек бір учаске қалып тұр.

Тәжікстан депутаты Журахон Мажидзода нақтыланбаған учаскенің көлемі бір шақырымдай екенін, ол Тәжікстанның Соғды облысы мен Өзбекстанның Сырдария облысында орналасқанын айтады. Бұл жерде Фархад ГЭС-інің бөгені орналасқан. Оның сөзінше, Өзбекстан жағы аталған учаскені Фархад ГЭС-і жұмысшыларының жүріп-тұруы үшін ашық қалдыруды сұрап отыр.

Өткен аптада Душанбеде екі ел шекарасындағы ең даулы жер - Фархад ГЭС-і орналасқан аймаққа қатысты үкіметаралық комиссияның отырысы өткен. Екі тарап бұл аймақ Тәжікстан аумағы ретінде мойындалатынына, ал гидроэнергетика станциясы Өзбекстан меншігі болып қалатына келіскен. Нысан қауіпсіздігін Тәжікстан қорғаса, станциядағы техникалық жұмысты Өзбекстан атқарады.

XS
SM
MD
LG