Accessibility links

АҚШ Қаржы министрі: Ресейге салған санкциядан нәтиже бар


Стивен Мнучин, АҚШ қаржы министрі.
Стивен Мнучин, АҚШ қаржы министрі.

АҚШ-тың ресейлік ондаған бизнесмен мен шенеунікке және компанияларына салған соңғы санкциялары Вашингтон көздеген нәтижеге жеткізді. Бұл туралы АҚШ қаржы министрі Стивен Мнучин Fox телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Мнучиннің айтуынша, АҚШ Ресейге санкциялар салудан "қорықпайды" және оларды болашақта қатаңдата түсуі мүмкін, бірақ енді жаңа санкциялар енгізгісі келсе ол жайлы алдын ала хабарламайды.

15 сәуірде АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі ​Никки Хейли Мәскеудің Сирия президенті Башар Асадты қолдаған күннің ертесіне-ақ Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізіледі деп хабарлаған еді. Бірақ Ақ үй бұл мәлімдемені жоққа шығарып, жаңа санкциялар салу мәселесі қаралып жатыр деумен шектелген. "Санкциялар туралы шешім әуелі қабылданып, кейін ол өзгертілген, бірақ Хейлиге хабарлап үлгермеген" деді Мнучин.

АҚШ Қаржы министрлігі сәуірдің басында ресейлік 38 бизнесмен, шенеунік пен компанияға қарсы санкция салған. Санкцияға ілінгендер арасында бизнесмендер Олег Дерипаска, Кирилл Шамалов және Виктор Вексельберг, ішкі істер министрі Владимир Колокольцев, Федерация кеңесі халықаралық істер комитетінің төрағасы Константин Косачев, Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Виктор Золотов бар.

Вашингтон ол кезде санкция Ресейдің "әлемдегі, оның ішінде Украина мен Сириядағы жаулық саясатына" бола салынғанын мәлімдеген.

Санкция салдарынан Мәскеу биржасында рубль бағамы төмендеп, Дерипасканың әлемдік қор биржаларындағы акциялары құнсыздана бастады.

XS
SM
MD
LG