Accessibility links

Сапарбаев: Ақтөбе облысында жұмыссыздық мәселесі жоқ


Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі.
Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі.

Ақтөбе облысында жұмыссыздық мәселесі жоқ, тек жұрт аз жалақыға жұмыс істегісі келмейді деп мәлімдеді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

ҚазТАГ агенттігінің хабарлауынша, Астанада өткен баспасөз конференциясында Бердібек Сапарбаев былтыр облыстағы жұмыссыздық деңгейінің аймақтағы экономикалық белсенді тұрғындарына шаққандағы қатынасы 4,8 пайыз болғанын айтты.

"Біз талдау жасадық, аймақтағы бос жұмыс орындарының саны сұраныстан асып кетеді. Егер еңбекақы 30-40 мың болса, олар оған жұмыс істемейді. Сондықтан қазір жұмыссыздық жағынан ешқандай мәселе жоқ" деді Сапарбаев.

Әкімнің сөзінше, "жыл сайын облыста кәсіпорын ашылғаны есебінен 23 мыңға дейін жаңа жұмыс орны ашылады".

XS
SM
MD
LG