Accessibility links

"Әлемдегі ең ықпалды адамдар" тізіміне Путин енбеді


Ресей президенті Владимир Путин.
Ресей президенті Владимир Путин.

Time журналы түзген әлемдегі "ең ықпалды адамдар-2018" тізіміне Ресей президенті Владимир Путин енген жоқ.

Тізім дәстүрлі түрде "лидерлер", "кумирлер" "әртістер", "титандар" "жаңашылдар" деген бірнеше категорияға бөлінген. Былтырғы тізімде "лидер" категориясында Владимир Путин болған.

Биыл тізімде АҚШ президенті Дональд Трамп, Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын, қытайлық жетекші Си Цзиньпин, АҚШ-тағы сайлауға Ресейдің араласуын тексерген арнайы прокурор Робер Мюллер, британиялық ханзада Гарри мен оның қалыңдығы Меган Маркл және Сауд Арабиясының ханзадасы Мохаммед те бар.

Time журналының 2018 жылғы тізіміне бірде-бір ресейлік енбеген.

XS
SM
MD
LG