Дзюдодан Қазақстан жастар және жасөспірімдер құрамасына жапониялық бапкер Шинтаро Чихаро кеңесші жаттықтырушы болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясы хабарлады.
Федерация Чихаромен келісім-шартқа бір олимпиадалық циклге (төрт жыл) қол қойды.
31 жастағы Шинтаро Чихаро - дзюдодан 5-дан иегері. Токиодағы Кокушикан университетінің түлегі. 2011-2013 жылдары Бангладеш ұлттық құрамасының, 2013 жылы Мьянма құрамасының бас бапкері, 2014-2017 жылдары Қытайда ауыр атлетика және спорттық күрес орталығында бас бапкер болған.
Қазақстан дзюдо құрамасы 2016 жылы Риода өткен олимпиадада қазақстандық Елдос Сметов күміс, Галбадрах Отгонцэцэг (Моңғолиядан келген) қола алған.