Accessibility links

Министр Астананың 20 жылдығына бөлінген 19 млрд туралы айтты


Астана қаласы.
Астана қаласы.

Қазақстан билігі Астана қаласының 20 жылдығына жүз шара ұйымдастырмақ. Бұл туралы елдің мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы хабарлады.

Астананың туған күнінде Voice of Astana (Астана дауысы) халықаралық эстрада әндері фестивалі, Батырхан Шүкеновты еске алуға арналған ресейлік эстрада әншілерінің қатысуымен концерт, халықаралық симфониялық оркестрдің орындауында Карл Дженкинстің Shine Astana одасының тұсаукесері, Бейжің және Астана опера театрларының концерті өтеді.

Осы аптада Қазақстан үкіметі Астананың 20 жылдығына 19 миллиард теңге бөлінетінін хабарлаған. Қазақстандықтар үкіметтің бұл шешіміне қарсы шыққан.

"Қазақстан - әлемдік қауымдастықтың бір бөлігі. Барлық ел халықты тарту үшін өнер арқылы өз жетістіктерін көрсетуі тиіс. Имидждік шаралар осы үшін ұйымдастырылады. Өздеріңіз көріп отырғандай, біз барлық шараны ірі әлемдік театрлармен немесе концерттік ұйымдармен бірлесіп өткізіп жатырмыз. Бұл - қажет" деді министр.

Мұхамедиұлының айтуынша, Тбилиси мен Бакудегідей әлемдік жұлдыздарды Астанаға шақыру - шығын.

"Элтон Джон, Леди Гаганы шақырып, формула-1 шарысын өткізе алмаймыз. Жалғыз Элтон Джонның өзіне бөлінген бюджеттің жартысы кетер еді. Айтылған сынға келсек, біз жоспарланған іс-шаралар тізімін ертерек беруіміз керек еді. Қаржы министрлігі бізді толықтай қолдады, қаражат бюджетте қарастырылған. Біз мерекелік бағдарламаның жоғары деңгейде өтуіне барлық күшімізді саламыз" деді министр.

Видео: "19 млрд теңгеге пайдасы жоқ той жасамақшы"

"19 млрд теңгеге пайдасы жоқ той жасамақшы"
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:19 0:00

Қазақстанда Астана күні 6 шілдеде тойланады. 6 шілде - Қазақстан тәуелсіздік алғалы билікте отырған Нұрсұлтан Назарбаевтың да туған күні.

XS
SM
MD
LG