Accessibility links

Шымкентте мұғалім мектепте өлі күйінде табылды


Оңтүстік Қазақстан облысының картасы.
Оңтүстік Қазақстан облысының картасы.

28 жастағы мұғалімнің денесі 21 сәуірде күндіз Шымкенттегі «Асар» шағын ауданында орналасқан мектептің бірінен табылған. Бұл туралы шымкенттік TVK телеарнасына сілтеме жасап қазақстандық ақпарат агенттіктері хабарлады.

Телеарнаның дерегінше, информатика пәнінің мұғалімі өз кабинетінде асылып қалған. Мектепке полицейлер мен медициналық көмек бригадасы келген. Дәрігерлер педагогтың өлімін растады. Олардың айтуынша, ер адам өз-өзіне қол жұмсаған.

XS
SM
MD
LG