Accessibility links

Алматыда мыңдаған адам қатысқан марафон өтті


"Алматы марафон-2018" жарысына қатысушылар. 22 сәуір 2018 жыл.

22 сәуірде Алматыда марафон өтіп жатыр. Биылғы "Алматы марафон-2018" жарысына он мыңнан астам адам тіркелген. Қатысушылар әртүрлі шақырымға жүгіреді. Ең ұзын қашықтық - 42 шақырым.

Марафон Республика алаңынан басталды. Мәре де осы алаңда орналасқан. Қатысушылар Назарбаев, Әл-Фараби, Саин, Абай көшелерімен жүгіріп өтеді. Бұл көшелерде күзет күшейтілген. Шараға байланысты қаланың орталық және батыс бөлігіндегі жолдар жабылған.

Марафон осымен жетінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Шарадан түскен қаржы қайырымдылыққа беріледі.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG