Accessibility links

Саргсян мен Пашинян келіссөзі нәтиже бермеді


Армения премьер-министрі Серж Саргсян мен митингке шыққан топтың лидері Никол Пашинян арасындағы кездесуі. 22 сәуір 2018 жыл.
Армения премьер-министрі Серж Саргсян мен митингке шыққан топтың лидері Никол Пашинян арасындағы кездесуі. 22 сәуір 2018 жыл.

Армения премьер-министрі Серж Саргсян мен митингке шыққан топтың лидері Никол Пашинян арасындағы кездесу еш нәтиже бермеді.

22 сәуірде Саргсян мен Пашинян Еревандағы Marriott қонақ үйінде кездесті. Бұл кездесуден Азаттықтың Армян қызметі тікелей эфир таратты. Келіссөз басталғаннан кейін бірер сәттен соң Саргсян залдан шығып кетті.

Азаттықтың хабарлауынша, Серж Саргсян кездесу кезінде Пашинянға халық атынан сөйлемеуге шақырды.

Кездесуде Пашинян "Саргсян елдегі жағдайдан хабарсыз, ал билік халықтың қолына өтті" деп айтқан. Ал Саргсян парламенттегі орынның жеті-сегіз пайызын алған фракция халықтың атынан сөйлеуге құқығы жоқ. Егер мемлекеттік заңды талабын орындамасаңыз, сау болыңыз" деп кетіп қалды.

Премьер-министр мен наразы топтың лидері тоғыз күндік митинг кезінде алғаш рет өтті. Наразылар бұрынғы президент Серж Саргсянның премьер-министрлікке тағайындалғанына наразы. Он жылдай Арменияны басқарған Саргсян президенттіктен кеткенде билікке қайта оралмайтынын айтқан.

20-21 сәуірде Армения билігі наразыларды келіссөз жүргізуге шақырған.

Видео: Арменияда не болып жатыр?

Жаһан жаңалықтары. Апта 20.04.2018
please wait

No media source currently available

0:00 0:16:52 0:00

XS
SM
MD
LG