Accessibility links

Кабулдағы жарылыста ондаған адам мерт болды


Кабулда жарылыс болған аймақ. 22 сәуір 2018 жыл.
Кабулда жарылыс болған аймақ. 22 сәуір 2018 жыл.

22 сәуірде Ауғанстанның Кабул қаласында болған жарылыстан кем дегенде 51 адам қаза тауып, 109 адам жарақаттанған. Бұл туралы Ауғанстан билігі хабарлады.

Жанкешті Кабулдағы сайлаушыларды тіркеу орталығында өз-өзін жарып жіберген. Бұл уақытта орталыққа төлқұжаттарын алмақ болып көп адам кезекте тұрған.

Шабуылды әзірге ешқандай ұйым өз мойнына алған жоқ. Жарылыс шииттер көп тұратын қаланың батыс аймағында болған. Бірнеше апта бұрын осы аймақта болған жарылысты ДАИШ тобы өз мойнына алған.

Оқи отырыңыз: Сайлау тақағанда Талибан орала ма?

14 сәуірде Ауғанстанда қазанда өтетін парламент сайлауына тіркеуді бастаған.

XS
SM
MD
LG