Accessibility links

Алматыда жазушы Сапабек Әсіппен қоштасты


Сапабек Әсіп.
Сапабек Әсіп.

22 сәуірде Алматыда жазушы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Сапабек Әсіпті жерледі. Қоштасу рәсімі Алматыдағы жазушылар одағының ғимаратында өтті. Жазушының соңғы сапарға шығарып салуға туыстары, әріптестері және оқырмандары келді.

Жазушы 20 сәуірде 92 жасында Алматыдағы үйінде қайтыс болған.

Сапабек Әсіп 2000 жылдары Жазушылар одағының жанына құрылған "Жер және қазақ тағдыры” қоғамдық комиссиясының төрағасы болған. Жазушы "Жер кодексіне" өзгертулер енгізу керек деп, жерге қатысты мемлекеттің саясатына наразылық ретінде кезінде өзіне тапсырылған үкімет наградаларының бірі – "Құрмет" орденінен бас тартқан.

Оқи отырыңыз: Сапабек Әсіп: Қазақ жерінің мәселесі биліктің де, оппозицияның да жұмыс тәртібіне енбеген

Сапабек Әсіп бірнеше кітаптың, оның ішінде "Қазақ қасіреті" (1994), "Қатерлі дерт, қалжыраған халық" (1998), "Танталовы муки степи" (2001) кітабының авторы. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері, үкімет наградаларымен марапатталған.

XS
SM
MD
LG