Accessibility links

Қырғызстан мемлекетттік қарыз лимитін белгілемек


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қырғызстан үкіметі Бюджет кодексіне өзгерістер енгізіп, мемлекет қарызының көлемі жалпы ішкі өнімнің (ІЖӨ) 70 пайызы көлемінде болу керек деп белгілемек. Қырғызстан қаржы министрлігінің хабарлауынша, сонымен бірге бюджет тапшылығы ЖІӨ көлемінің 3 пайызынан аспауы тиіс.

Қазір "Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" заң жобасын Жогорку Кенеш талқылап жатыр.


2018 жылдың 28 ақпанындағы мәлімет бойынша, Қырғызстанның мемлекеттік қарызы 4,4 миллиард АҚШ доллары болған. Бұл - ЖІӨ көлемінің 55,7 пайызын құрайды. Оның 3,8 миллиард доллары - сыртқы қарыз.

Қырғызстан негізінен Қытайға қарыз, оның көлемі - 1,7 миллиард доллар. Бұл сыртқы қарыздың 44 пайызына тең.

XS
SM
MD
LG