Accessibility links

Дағыстанда "теракті жасамақ болған" күдіктілердің көзі жойылды


Дағыстандағы полиция арнайы жасағы мен полиция көлігі (Көрнекі сурет).
Дағыстандағы полиция арнайы жасағы мен полиция көлігі (Көрнекі сурет).

Ресей билігі Дағыстанда полиция террорлық актілер жасауға дайындалды деген күдікті тоғыз "содырдың" көзін жойғанын мәлімдеді. Ресейдің терроризмге қарсы комитеті 21 сәуірде Дербент қаласы аумағында мамыр айындағы мерекелер кезінде осы қалада террорлық акт жасауды жоспарланған содырлар жасырынып жатыр деген мәлімет алғанын мәлімдеді. Дербент - мұсылмандар басым тұратын Дағыстанның екінші ірі қаласы саналады.

Терроризмге қарсы комитет қызметкерлері Дербентте күдіктілердің жеке екі тобын тапқан. Комитет мәлімдемесінде күдіктілер күш құрылымдары қызметкерлерінің қаруды тастап, билікке берілу туралы талабына бағынбай, оқ атқаны және атыс кезінде көздері жойылғаны айтылады.

Дағыстанда соңғы бірнеше жылда әсіресе полиция қызметкерлеріне жиі шабуыл жасалды. Шабуылдарды "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы мойнына алды.

21 сәуірде Ресей Федералдық қыауіпсіздік қызметі ИМ-нің "Ставрополь өлкесінде террорлық актілер жасауды жоспарлады" деген жақтастарының көзі жойылғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG