Accessibility links

Тараз қаласының әкімі ауысты


Тараз қаласы (Көрнекі сурет).
Тараз қаласы (Көрнекі сурет).

Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласының әкімі болып Ғалымжан Әбдірайымов тағайындалды. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Әбдірайымов бұған дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып қызмет естеген. Тараз қалалық әкімдігінде Азаттыққа Әбдірайымовтың қала әкімі болып тағайындалғаны туралы бүгін жарияланғанын, бірақ облыс әкімінің ол тағайындау туралы ресми өкімі әзірге шықпағанын хабарлады.

Тараз қаласын бұған дейін - 2017 жылдың наурызынан бері 44 жастағы Рүстем Дәулет басқарған. Тараз әкімінің баспасөз хатшысы жаңа әкімнің "Қазақстан президенті әкімшілігінің келісімімен" тағайындалғанын айтады.


53 жастағы Ғалымжан Әбдірайымов 2015-2017 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары болған, 2017 жылдың ақпан айынан бері Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

XS
SM
MD
LG