Accessibility links

Әкімдік: Көшкіннің шеті Көлсай өзені арнасын жапты


Көлсай көлдері" табиғи паркі аумағында көшкен таудың бір бөлігі (сол жақта). Кеген ауданы, Алматы облысы, 22 сәуір 2018 жыл.

Алматы облысының Кеген ауданындағы топырақ көшкінінің шеті Көлсай өзені арнасын жапты, бірақ өзен басқа арна тауып, топырақты айналып ағып жатыр деп хабарлады Азаттыққа облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Оның сөзінше, қазір көшкін аймағында мамандар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, қауіпсіздік мақсатында аймаққа өзге ешкім өткізілмейді.

"Қазір мамандар көшкін аймағында төртінші Көлсай көлінің пайда болуына жол бермеу жағын ойластырып жатыр. Олар - сифон әдісі, яғни, өзенді түтікше сияқты тәсілмен ағызу, көшкен тау жынысын жару сияқты әдіс" деді Ғалымұрат Жүкел.

Ал Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Алматы облысындағы "Көлсай көлдері" табиғи паркі аумағында болған тау көшкінінен елді мекендерге қауіп төніп тұрмағанын мәлімдеді.

Оның ақпараты бойынша, көшкін екі бөлікке бөлінген. "Көшкіннің оңтүстік бөлігі Көлсай өзені арнасына жетті" деді Ильин министрлікте өткен брифингте. Ол көшкіннің солтүстік бөлігі мен өзен арнасының арасы шамамен 60 метр болатынын айтты.


19 сәуірде көшкін Көлсай өзенінің оң жағасындағы Малыбек шоқысының батысынан басталған еді. Баяу қозғалған топырақ массасы қазір Сатыдан Көлсайға баратын автомобиль жолын басып қалған. Электр бағандары да құлап істен шыққан. "Көлсай көлдері" табиғи паркі аумағындағы көшкіннің жылдамдығы Төтенше жағдай комитетіне қарасты "Қазселденқорғау" мекемесі басшысы Тоқтар Баймолдаевтың айтуынша, сағатына бір метр деп шамаланады. Көшкен топырақ көлемі 50 миллион текше метр деп болжанып отыр.

Өзеннің төменгі жағында мың адамнан астам тұрғыны бар Саты және Алғабас ауылдары орналасқан.

"Тиісті жұмыстар істелді, қазір бұл елді мекендерге көшкіннен қауіп төніп тұрған жоқ" деді Юрий Ильин.

Ішкі істер министрінің орынбасары өзен арнасында судың көп мөлшерде жиналып қалмауы үшін "инженерлік жұмыстар" жасау жоспарланып отырғанын айтады.

AzattyqTV

Жаңаөзеннің жазылмаған жарасы
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:41 0:00
Қайрат Досмағамбетов

Жаңаөзеннің жазылмаған жарасы

XS
SM
MD
LG