Accessibility links

Мирзияев пен Бердімұхамедов бірлескен мәлімдеме қабылдады


Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов (сол жақта) пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев. Ташкент, 23 сәуір 2018 жыл.
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов (сол жақта) пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев. Ташкент, 23 сәуір 2018 жыл.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Ташкентте Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесіп, Бірлескен мәлімдемеге қол қойды деп хабарлады Азаттықтың Өзбек редакциясы.

Кездесуде сонымен қатар аймақаралық ынтымақтастықты дамытуға, сауда үйлерін ашу, іскерлік кеңестер ұйымдастыруға және транспорт, транзит, ауыл шаруашылығы, ғылым мен техника салаларына қатысты 17 құжатқа қол қойылды.

"Біз екі жақты ынтымақтастық жан-жақты талқыладық. Шешілмеген мәселе қалмады деп айта аламын, барлық бағыт бойынша өзара түсінісе алдық. Біз осы негізде екі ел арасындағы серіктестікті одан ары дамытудың келешегі барын байқадық" деді Шавкат Мирзияев.

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Өзбекстанға екі күндік сапармен 23 сәуір күні барған.

XS
SM
MD
LG