Accessibility links

Астана Ауғанстандағы террорлық шабуылдарды айыптады


Жарылыс болған жерде жүрген қауіпсіздік қызметкері. Кабул, Ауғанстан 22 сәуір 2018 жыл.
Жарылыс болған жерде жүрген қауіпсіздік қызметкері. Кабул, Ауғанстан 22 сәуір 2018 жыл.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ауғанстандағы террорлық шабуылдарды айыптап, әлемдік қауымдастықты терроризмге қарсы күресте батыл шаралар қолдануға шақырды.

Ауғанстанда соңғы күндері екі жарылыс болып, жиыны 75 адам қаза тапты. 22 сәуірде Кабулдың Дашт-е-Барчи ауданында құжат беру орталығында жанкешті жасаған шабуылдан 57 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланған.

Ал 23 сәуірде Ауғанстанның батысында талибтердің шабуылынан 18 әскери қызметкер мен полиция қызметкері қаза болған.

"Қазақстан Ауғанстанда 21-22 сәуір күндері жасалып, көптеген бейбіт тұрғынның, оның ішінде әйелдер мен балалардың қазасына себеп болған терроризм актілерін батыл айыптайды" делінген министрліктің мәлімдемесінде. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі ресми Кабул "елдегі ішкі саяси ахуалды тұрақтандыруға күш сала беретініне" сенім білдірді.

XS
SM
MD
LG