Accessibility links

Өзбекстанда әскерилердің қызмет ету мерзімі ұзартылды


Өзбекстан әскерилері (Көрнекі сурет).
Өзбекстан әскерилері (Көрнекі сурет).

Өзбекстанда әскерилердің қызмет ету мерзімі ұзартылып, зейнеткерлікке шығу жасы ұлғайды деп хабарлады өзбекстандық ақпарат құралдары.

Бұл жайында "Жалпыға ортақ әскери міндет және әскери қызмет туралы" және "Өзбекстан қарулы күштері резервіндегі қызмет туралы" заңдарға енгізілген түзетулер 19 қазанда күшіне енбек.

Құжатқа сәйкес, кіші офицерлердің (лейтенант, аға лейтенант, капитан, капитан-лейтенант) әскердегі қызметі екі жылға — 43-тен 45 жасқа дейін ұзартылды.

Аға офицерлердің (майор, подполковник, полковник, 3, 2 және 1 дәрежелі капитандарға) барлығына зейнетке шығу жасы 50 жыл деп белгіленді. Бұған дейін майор, подполковник пен 3-ші және 2-ші дәрежелі капитандар 45 жаста зейнетке шығатын. Генералдардың әскери міндет мерзімі бұрынғыдай 60 жас шегінде қалдырылды.

XS
SM
MD
LG