Accessibility links

Лукашенко Армения толқуы жайында: "Бізді бір-бірлеп кетірмек"


Белоруссия президенті Александр Лукашенко, Ресей, 26 желтоқсан, 2017 жыл

24 сәуірде Беларусь президенті Александр Лукашенко Армениядағы "барқыт революциясы" жайында айтқан пікірінде: "Міне, бізді осылай бір-бірлеп кетірмек" деді.

Лукашенко "бізді бір-бірлеп кетіреді" дегенде кімді меңзегенін, әңгіме кім жайында екенін нақтыламады. Бірақ дәстүрлі парламент пен халыққа жолдауы кезінде ол Ресей туралы да айта кетті. "Ақылға келіп, мәселені бірге шешудің орнына, бір-біріміздің жағамыздан алып өзімізді-өзіміз сабап жүрміз" деді ол.

Дүйсенбіде Армения премьер-министрі Серж Саргсян отставкаға кеткен. Ол оппозиция 11 күн өзіне қарсы шеру өткізген соң осындай шешім қабылдаған.

Саргсян жазбаша мәлімдемесінде өзінің қателескенін мойындап, оппозиция жетекшісі Никол Пашинянның ісін "жөн" деп сипаттаған.

"Қазір қалыптасып отырған жағдайға қатысты әр түрлі шешім қабылдауға болар еді. Бірақ мен ондай әрекеттердің ешқайсысына бармаймын. Ел басшысы, Армения премьер-министрі қызметінен кетемін" деген ол.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Армениядағы жағдайға бейбіт деген баға беріп, тараптарды одан ары да сабырлы болуға, заң мен адам құқығын құрметтеуге және диалог орнатуға шақырды.

Серж Саргсян Арменияны 10 жыл басқарды. Александр Лукашенко Беларусь президенті қызметінде 1994 жылдан бері отыр. Ресей президенті Владимир Путин Ресейді 18 жылдан бері басқарып келеді.

  • 16x9 Image

    Өркен ЖОЯМЕРГЕН

    Өркен Жоямерген 2006 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің бакалаврын, 2008 жылы магистратурасын тәмамдаған. Қызмет жолын "Алматы Ақшамы" газетінен бастаған. Алматы және Астана қалаларындағы бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеген. Қазір Азаттық Радиосы Астана бюросының жетекшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

AzattyqTV

Бішкек маңындағы "санда бар, санатта жоқ" жандар
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:15 0:00
XS
SM
MD
LG