Accessibility links

Ресей 2017 жылы дамушы елдерге 1,2 миллиард доллар бөлген


Александр Панкин, Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары.

Ресей 2017 жылы дамушы елдерге көмек ретінде 1 миллиард 200 миллион доллардан астам қаржы бөлген деп мәлімдеді Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Панкин.

Оның сөзінше, Мәскеу бұл қаржыны екіжақты қарым-қатынас аясында және халықаралық құрылымдарға жарна ретінде төлеп отыр.

"Мәскеу постсоветтік елдерге қолдау көрсетіп келеді, сонымен бірге Латын Америкасы мен Азиядағы стратегиялық әріптестерге де көмектеседі" деді Панкин.


Сарапшылардың мәліметі бойынша, Ресей бюджетіндегі шетелге көмек көрсету шығыны 2005 жылдан бері 11 есеге көбейген. Оның ішінде Ресейден тұрақты көмек алатын үш мемлекет - Қырғызстанға 323 миллион доллар, Арменияға 37,3 миллион доллар және Тәжікстанға 21,7 миллион доллар бөлінген.

Соңғы жылдары Мәскеу біраз мемлекеттің 80 миллиард доллар көлеміндегі қарызын кешірген. Бірақ Ресейдің өзінің сыртқы қарызы 50 миллиард долларға жетеді.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG