Accessibility links

Франция мен АҚШ Иранмен жаңа келісім жасаспақ ниетте


Франция президенті Эммануэль Макрон АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесіп отыр. Вашингтон, 24 сәуір 2018 жыл.
Франция президенті Эммануэль Макрон АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесіп отыр. Вашингтон, 24 сәуір 2018 жыл.

Франция президенті Эммануэль Макрон АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуден соң екі тараптың да Иранның ядролық бағдарламасы бойынша жаңа келісім дайындауға қатысу ниеті барын мәлімдеді.

Франция БАҚ-ы Макрон мен Трамптың Иранмен жасалған қолданыстағы келісімге қатысты бірдей ұстанымда болмағанын айтады.

Ресейдің Венадағы халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілі Михаил Ульянов 24 сәуірде Трамп пен Макронның келіссөзі басталғанға дейін АҚШ-тың Ұлыбритания, Германия және Франциямен Тегеранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздерінде қабылданған шешімі ешнәрсеге міндеттей алмайтынын мәлімдеген.

Ресей өкілі төрт державаның байланысын оған ядролық келісім жасасқан өзге үш ел - Ресей, Қытай және Иран қатыспайтындықтан "нағыз таныстар арасындағы өзара келіссөз" деп атады.

2015 жылы шілдеде АҚШ, Германия, Қытай, Ресей, Ұлыбритания және Франция Иранмен Тегеранның уран байытуын шектеп, есесіне Иранға қарсы халықаралық санкцияларды жою туралы келісім жасасқан.

Дональд Трамп бұған дейін егер келісім өзгертілмесе, Вашингтонның одан шығатыны туралы бірнеше рет ескерткен. Бірақ Тегеран АҚШ бірнеше ел қатысқан келісімнен шықса Иран ядролық бағдарламасын қайта бастауы мүмкін екенін мәлімдеген.

Франциямен қатар Германия да келісімді бұзбау керегін айтқан. 23 сәуірде Торонтода "Үлкен жетілік" елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуінде сөйлеген Германия сыртқы істер министрі Хайко Маас та келісімнен шықпау қажетін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG