Accessibility links

RWB: Қазақстан баспасөз еркіндігі индексінде бір орын төмендеді


"Шекарасыз тілшілер" ұйымының әлемдегі сөз бостандығы ахуалын зерттеу картасы. 25 сәуір 2018 жыл.

Қазақстан әлемдегі баспасөз еркіндігі рейтингісінде "баспасөзі еркін емес" елдер тобында былтырғыдан бір орын төмендеді деп хабарлады "Шекарасыз тілшілер" (Reporters Without Borders - ) халықаралық ұйымы. RWB әлемдегі 2017 жылдың қорытындысы бойынша баспасөз еркіндігі жөніндегі есебінде Қазақстанның саты - 157-орыннан 158-орынға көтерілгенін айтады.

Ұйым баспасөз еркіндігін шектеу қазір бұрынғыдай авторитарлық режимдер мен диктаторлар ғана жасайтын іс болмай бара жатқанына алаңдайды.

25 сәуірде жариялаған есебінде RWB баспасөз еркіндігіне қол сұғушылық индексте жыл сайын барынша айқын көріне бастағанын айтады. Ұйым мысал ретінде биылғы индексте АҚШ пен Еуропаның бірнеше елінің көрсеткіші нашарлағанын келтіреді.

"Саяси лидерлердің баспасөз еркіндігіне жаулығы Түркия (157-орын) және Египет (161-орын) сияқты авторитарлық елдермен ғана шектелмейді. Демократиялық жолмен сайланған лидерлер қазір баспасөзге демократияның ажырағысыз құралы ретінде емес, қарсылас ретінде қарап, оған деген жаулық көзқарасын ашық білдіре бастады" делінген есепте.

RWB индексінде алғашқы орындарда Норвегия мен Швеция, соңғы орында Солтүстік Корея тұр.

Биылғы индексте постсоветтік елдерден Грузия 61 орында, Армения 80-орында, Молдова 81-орында, Украина 101-орында, Ресей 149-орында, Тәжікстан 149-орында, Беларусь 155-орында, Әзербайжан 163-орында, Өзбекстан 165-орында, Түркіменстан 178-орында тұр. Қырғызстан былтырғыдан тоғыз орын төмендеп, 98-орынға түскен.

2002 жылдан бері жарияланатын индекске 180 мемлекет енгізілген. Индексте мемлекеттердің плюрализм, БАҚ пен заңнама тәуелсіздігі және журналистердің қорғалу көрсеткіштері қамтылған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

AzatNews 22.05.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:35 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG