Accessibility links

Сыбайлас жемқорлықпен күрестің балама есебі таныстырылды


Марат Шибутов, сарапшы.
Марат Шибутов, сарапшы.

"Транспаренси Қазақстан" ұлттық сыбайлас жемқорлықпен күрес ұйымы 25 сәуірде Алматыда сыбайлас жемқорлықпен күрестің балама есебін таныстырды.

Есепті сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы қазақстандық сарапшылар Марат Шибутов, Сергей Злотников Наталья Малярчук және Ольга Диденко дайындаан. Баяндамада Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күрестің қалай жүргізіліп жатқанына талдау жасалып, мемлекеттік органдарға бұл шарада рекомендациялар беріледі. "Бұл жоба аясында біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың әр азаматтың өміріне қалай әсер ететініне, қоғамның шешім қабылдау процесіне ықпал ету мүмкіндігін арттырады делінген жаңа заңдардың қабылдануына байланысты белсенді азаматтарға қандай мүмкіншіліктер туғанына талдау жасадық" деді Марат Шибутов.

Баяндама ашық ақпарат көздерінен алынған мәлімет бойынша дайындалған. Сарапшылар баяндамада лауазымды адамның өкілеттігін иелену, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу, заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру, қызметте әрекетсіздік танту таныту қылмыстары жоққа дерлік немесе тым азын және мұндай қылмыстарды дәлелдеу өте қиын екенін айтады. Мұның есесіне билікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, пара беруде делдалдық жасау және салғырттық қылмыстарының саны артқан.

XS
SM
MD
LG