Accessibility links

Сағадиев: ЖОО IELTS және TOEFL сертификаттарын тексереді


Ерлан Сағадиев, Қазақстан білім және ғылым министрі.
Ерлан Сағадиев, Қазақстан білім және ғылым министрі.

Қазақстан білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев министрлік қазақстандық жоғары оқу орындарын (ЖОО) оқуға түсушілердің ағылшын тілі білімін анықтайтын стандартты тест тапсырғаны туралы сертификаттарының шынайылығын тексеруге міндеттейтінін мәлімдеді.

Бұған дейін Астанадағы ЖОО министрлік жүргізген екінші тексеру нәтижесінде жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар бойынша оқуға түсуде жалған IELTS сертификаттарын пайдаланғаны анықталған соң 117 студентті оқудан шығарған. Министрлік тексеруді былтыр күзде студенттер кейбір абитуриенттер оқуға түсерде "жалған құжат ұсынды" деген мәлімдемесінен соң жүргізген.

"Студенттердің бір бөлігі сотқа өз құқығын қорғау туралы арызданды. Дегенмен, ұйғарым орындалуы тиіс. Университеттердің оларды оқудан шығаруы - дұрыс" деп мәлімдеді Ерлан Сағадиев 25 сәуірде Астанада журналистерге.

Министрдің сөзінше, білім және ғылым министрлігі денсаулық сақтау министрлігімен және университетпен бірге келісім комиссиясын құрып, "студенттер мен университеттерге қатысты бұдан арғы құқықтық әрекеттерді" қарастырмақ.

Сағадиев жоғары оқу орындарының өзін басқарудағы дербестігі туралы заң жобасына университеттерді ЖОО-дан кейінгі бағдарламаларға оқуға тапсыратындардың ағылшын тілі білімі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификатын TOEFL және IELTS базаларында тексеруге міндеттейтін талап енгізілетінін айтты.

"IELTS тапсырғандардың бәрі IELTS-тың мәліметтер базасына енгізіледі. Енді барлық университет TOEFL мен IELTS тапсырып, магистратураға түскендерді тексеруі керек" деді Сағадиев. БАҚ-тың хабарлауынша, оқудан шығарылған студенттер жалған сертификат тапсырды деп танылса оқуына төленген мемлекет қаржысы мен стипендиясын қайтарады.

XS
SM
MD
LG