Accessibility links

БАҚ: Иран Ядролық қаруды таратпау келісімінен шығуы мүмкін


Әли Шамхани, Иран Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің басшысы.

Иран егер АҚШ Тегеранмен жасалған ядролық келісімнен шықса, онда Ядролық қаруды таратпау туралы келісімнен бас тартатынын ескертті. Guardian басылымының жазуынша, бұл туралы Иран Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің басшысы Әли Шамхани мәлімдеді.

Иран президенті Хассан Роухани 25 сәуірде АҚШ пен Франция президенттері Дональд трамп пен Эммануэль Макронның Тегеранмен жасалған ядролық келісімді қайта қарап көретіні туралы мәлімдемесін сыни қабылдады. Макрон мен Трамп Ақ үйде келіссөз жүргізген соң Иранның ядролық бағдарламасына қатысты жаңа келісім дайындауға қатыспақ ниетте екенін мәлімдеген.

Роухани Макронды меңзеп, "Еуропа елдерінің бірінің басшысында" жеті ел қол қойған келісімге қатысты шешім қабылдауға құқығы жоғын мәлімдеді. Иран президенті Дональд Трампты халықаралық саясатты түсінбейтін "коммерсант" деп атады.

2015 жылы шілдеде АҚШ, Германия, Қытай, Ресей, Ұлыбритания және Франция Иранмен Тегеранның уран байытуын шектеп, есесіне Иранға қарсы халықаралық санкцияларды жою туралы келісім жасасқан.

Дональд Трамп бұған дейін егер келісім өзгертілмесе, Вашингтонның одан шығатыны туралы бірнеше рет ескерткен. Бірақ Тегеран АҚШ бірнеше ел қатысқан келісімнен шықса Иран ядролық бағдарламасын қайта бастауы мүмкін екенін мәлімдеген. Мәскеу мен Пекин келісімді қайта қарауға қарсы.

Дональд Трамп 12 мамырға дейін Иранға қарсы санкцияға салынған мораторий мерзімін ұзартуы немесе оны алып тастауы тиіс.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

AzatNews 22.05.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:35 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG