Accessibility links

Арменияда наразылар жолдарды жапты


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Оппозицияның жүздеген жақтасы Ереваннан "Звартноц" халықаралық әуежайына апаратын жолдарды көлікпен жауып тастады. Жүздеген көлік әуежайға бара алмаса, тағы да осыншама көлік Армения астанасына кіре алмай тұр. Көптеген жүргіншілер көліктерін тастап, ұшақтан қалып қоймау үшін әуежайға жаяу кетіп жатыр.

Арменияның мемлекеттік кірістер комитеті шекарадағы барлық бақылау-бекеттері қалыпты жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді. Бұған дейін наразылық танытушылар Грузияға баратын тас жолдың жабылғанын хабарлаған.

Арменияның оңтүстігіндегі Вайк қаласының маңындағы Ереван-Мегри тас жолынан да көлік жүрмей жатыр. Бұл жол Армян-Иран шекарасына барады. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Арменияның солтүстігіндегі Ереван-Севан тас жолы да жабық.

Көре отырыңыз: Саргсян кетіп, Пашинян босаған күн

Саргсян кетіп, Пашинян босаған күн
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:29 0:00



Сәрсенбі күні оппозиция жеткешісі, депутат Никол Пашинян жақтастарын азаматтық мойынұсынбау шарасын жалғастыруға шақырған. Пашинян Facebook парақшасында түске дейін ЕО елшілерімен, түстен кейін Армениядағы Ресей мен АҚШ елшілерімен кездесетінін жазды.

Бұдан сәл ертерек Арменияның Спорт және жастар ісі министрінің қызметін атқарушы, "Гүлденген Армения" партиясының мүшесі Грачья Ростомян отставкаға кетіп, наразыларға қосылатынын мәлімдеген. Ол өзге де әріптестерін қарсылық шарасына қосылуға шақырған.

23 сәуірде он бір күнге созылған оппозиция шеруінен кейін Арменияның премьер-министрі Серж Саргсян отставкаға кеткен еді. Оның орнына уақытша міндет атқарушы болып бірінші вице-премьер Карен Карапетян тағайындалған.

XS
SM
MD
LG