Accessibility links

Сотталған кәсіподақ басшылары халықаралық сыйлыққа ие болды


Лариса Харькова, Қазақстан сотының шешімімен жабылған тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясының бұрынғы жетекшісі.

25 сәуір күні Ресейдің еңбек Конфедерациясы ресми сайтында Қазақстанда сотталған бұрынғы кәсіподақ басшылары Лариса Харькова, Нұрбек Кұшақбаев және Әмин Елеусіновтің халықаралық Артур Свенссон атындағы сыйлық иегері болғанын хабарлады. Бұл ақпаратты Қазақстан тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясының (ҚТКК) бұрынғы басшысы Лариса Харькова растады.

Шымкенттің Еңбекші аудандық соты былтыр 25 шілдеде билік шешімімен жабылған ҚТКК-нің бұрынғы жетекшісі Лариса Харькованы "бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін алаяқтықпен әрі аса ірі көлемде жымқырған" деп айыптап, бас бостандығын төрт жылға шектеу және мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарған.

2017 жылдың сәуір айында Астана соты Маңғыстау облысындағы Oil Construction Company кәсіпорны жұмысшылары кәсіподағының еңбек қауіпсіздігі инспекторы болған Нұрбек Құшақбаевты "заңсыз ереуілге қатысуды жалғастыруға арандатты" деген айыппен екі жарым жылға, кәсіподақ жетекшісі болған Әмин Елеусіновті "кәсіподақтың сеніп тапсырған қаржысын жымқыру", "полицейлерге тіл тигізу, бағынбау және оларға күш қолдану айыптарымен екі жылға бас бостандығынан айырған.

Әмин Елеусінов, Oil Construction Company кәсіподағының сотталған жетекшісі.
Әмин Елеусінов, Oil Construction Company кәсіподағының сотталған жетекшісі.

Халықаралық Артур Свенссон атындағы сыйлық еңбек құқығы үшін күрескен кәсіподақтар мен кәсіподақ бірлестіктеріне және кәсіподақ белсенділеріне жыл сайын беріледі.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG