Accessibility links

Прокуратураны азаптау фактілері бойынша есеп беруге шақырды


"ҰПМ және ұлттық құқық қорғау ұйымдарымен бірлесіп азаптаудың алдын алу" форумы. Астана, 26 сәуір 2018 жыл.
"ҰПМ және ұлттық құқық қорғау ұйымдарымен бірлесіп азаптаудың алдын алу" форумы. Астана, 26 сәуір 2018 жыл.

Қазақстанда Бас прокуратура Ұлттық превентивтік механизм (ҰПМ) өкілдері хабарлаған азаптау мен қатыгездік таныту фактілері бойынша арнайы жария есеп беретін ереже енгізілуі тиіс. Бұл жайында 26 сәуірде Астанада өтіп жатқан "ҰПМ және ұлттық құқық қорғау ұйымдарымен бірлесіп азаптаудың алдын алу" форумында таныстырылатын 2017 жылы түрмелерге тексерудің қорытынды есебінде ұсыныс жасалды.

Баяндамада ҰПМ өкілдері былтыр 25 оқиға бойынша арнайы түрде түрмеге барғаны, бірақ азаптау мен қатыгездік танытуға қатысты арыз саны азаймай тұрғаны айтылады. ҰПМ белсенділерінің барлық шағымы бас прокуратураға беріледі, бірақ құқық қорғаушылар шағымды қарау мен қабылданған шаралар туралы еш хабарын біле алмайтынын айтады.

Сотталушылар мен тергеу кезінде қамауға алынғандардың туыстары көбінесе олардың хал-жағдайы, неге мұқтаж екені туралы ақпарат ала алмайды. Баяндамада тұтқындарға қатысты "азаптау мен қатыгездік таныту және жазалау сияқты құқық бұзушылық тексеру, тінту, этаппен жеткізу, ауыз суға қолжетімділік және санитарлық жағдайдың талапқа сай болмауында бұзылатыны айтылады.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG