Accessibility links

"Мисс Россия-2018" байқауы жеңімпазы Telegram-ды бұғаттауды қолдайды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

"Мисс Россия-2018" байқауының 18 жастағы жеңімпазы Юлия Полячихина Ресейдің Telegram мессенджерін бұғаттауын қолдайтынын, Украина шығысындағы және Сириядағы қақтығыс аймағына баруға дайын екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл жерлерге балаларға көмектесу үшін барғысы келеді.

"Говорит Москва" радиосына сұхбат берген Полячихина "қандай да бір террорлық операциялар жасалатын болса, Telegram-ды жауып тастаған дұрыс" деді.

Полячихина Донбасс пен Сирияға ол балаларға көмектесу үшін бітімгерлік мақсатымен барғысы келеді. Оның сөзінше, "бұл жерлер соғыс болып жатуына байланысты бір-біріне ұқсайды". Полечихина "соғыс қарқынды жүріп жатқан жерлерге" өзін апармайды деп ойлайды.

18 жастағы Чувшияның тумасы "Мисс Россия" байқауында өткен аптада жеңіске жеткен.

Мәскеу соты сәуір айының басында Telegram мессенджерін Ресей арнайы қызметіне қолданушылар жазысқан хат-хабарды шифрлеу кілтін бермегені үшін бұғаттап тастаған. Роскомнодзор мессенджерге кіруді шектеу үшін 20 миллион IP-адресті бұғаттаған. Бірақ көптеген қолданушыларда Telegram жұмыс істеп тұр.

XS
SM
MD
LG