26 сәуірде Алматыда “Под одной обложкой” атты тұңғыш квир-поэзия жинағы таныстырылды. Жинаққа әртүрлі елден 21 ақынның шығармалары енген. Авторлардың арасында жеті қазақстандық бар.
- Жобаның мақсаты – қазір қалыптасып келе жатқан жаңа тілді көрсету. Квир – бұл ЛГБТ қозғалысының бір бөлігі. Әртүрлі жағдайды басынан өткізген адамдар өздерінің өмірлік жағдайларымен, толғаныстарымен бөліседі. Оның барлығы поэзия арқылы жеткізіледі. Себебі, тек өнер және қазіргі әдебиет арқылы тіл қатып, сол арқылы өзіміз туралы қоғамға айта аламыз, - дейді жобаны ұйымдастырушылардың бірі суретші, ақын, феминист Мария Вильковиская Азаттыққа.
Оқи отырыңыз: "Тестостерон" спектаклінің қос көрсетілімі
Кітаптың тұсаукесерінде өлеңдер оқылып, қатысушыларға кітаптар таратылды. Шараға негізінен жастар көп жиналды
Жобаны қазақстандық феминистік “Феминита” бастама тобы және "Крель" мәдени орталығы ұйымдастырған. Жобаны халықаралық адам құқықтары жөніндегі Хельсинкі комитеті қолдаған. Кәмелетке толған оқырмандарға арналған жинақ 500 данамен шыққан.