Accessibility links

"Ордабасы" командасы Еуропа лигасынан шеттетілді


"Орбадасы" футбол клубы. (Сурет футбол клубының ресми сайтынан алынды)
"Орбадасы" футбол клубы. (Сурет футбол клубының ресми сайтынан алынды)

Футболдан қазақстандық "Ордабасы" клубы Еуропа лигасында ойнау құқығынан айырылды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) хабарлады.

УЕФА (Еуропа футбол қауымдастығы) "қаржылық фэйр-плей ережесін сақтамағаны" үшін шымкенттік "Ордабасыны" Еуропа лигасынан шектеткен. УЕФА ережесі бойынша еуротурнирлерге қатысатын клубтарда сәуірге дейін әлеуметтік қорлар мен салық органдары алдында кредиторлық қарыздары болса, оны өтеуі тиіс.

ҚФФ хабарлауынша, "Ордабасы" футбол клубында 2018 жылдың 31 наурызына дейін өтелмеген кредиторлық қарыз болды. Команда қарызды бақылау уақыты өткеннен кейін, яғни 1 сәуірде төлеген. УЕФА "Ордабасы" қарызын өтесе де жарысқа қатысуға рұқсат бермеген.

Еуропа лигасының іріктеуінде "Ордабасы" командасының орнына Қазақстан чемпионатында 5-орын алған қостанайлық "Тобыл" клубы қатысады. Ал "Астана" Чемпиондар лигасына, "Қайрат" (Алматы) және "Ертіс" (Павлодар) клубтары Еуропа лигасына қатысуға рұқсат алды. Қазақстандық төрт клуб жарысты іріктеуден бастайды.

XS
SM
MD
LG