Accessibility links

Түрмеде Текебаев отырған бөлмеге қайта камера орнатылған


Омурбек Текебаевтың түрмеде түскен суреті. Желтоқсан 2017 жыл.
Омурбек Текебаевтың түрмеде түскен суреті. Желтоқсан 2017 жыл.

Қырғызстанның экс-депутаты, оппозициялық саясаткер Омурбек Текебаев жазасын өтеп жатқан №47 түрмедегі бөлмеге қайтадан бейнебақылау орнатылды. Азаттықтың Қырғыз редакциясының хабарлауынша, бұл жөнінде Жазаны орындау мемлекеттік қызметі мәлімдеді.

Аталған мекеме бейнебақылауды "Текебаевтың өтініші бойынша, қауіпсіздік мақсатында" орнатқанын түсіндірді.

11 сәуірде бұрынғы премьер-министр Сапар Исаковтың тікелей тапсырмасы бойынша, экс-депутат отырған бөлмеден бейнебақылау алынып тасталған. Омурбек Текебаевтың бөлмесіне камера орнатылғаны 29 қаңтарда белгілі болған.

Жазаны орындау қызметі камера қауіпсіздік мақсатында орнатылғанын мәлімдеген. Бірақ құқық қорғаушылар бұл әрекетті айыптаған. Ал Текебаевтың өзі мұны күндіз-түні өзіне бақылау жасау арқылы, психологиялық қысым көрсетіп жатыр деп бағалаған.


"Ата Мекен" партиясының лидері Омурбек Текебаев пен Қырғызстанның Оңтүстік Кореядағы бұрынғы елшісі Дуйшенкул Чотонов 2017 жылдың ақпан айында Ресей кәсіпкерінен 1 миллион доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған.

Оқи отырыңыз: Текебаевтың ісі мен қызметінен кеткен судьялар

Былтыр 21 қарашада Жоғарғы сот екі саясаткерді күшейтілген режимде 8 жылға соттау туралы аудандық сот шешімін күшінде қалдырған. Сотталушылар өздеріне қарсы істің саяси астары бар деп біледі.

XS
SM
MD
LG